ҚазҰУ-да мемлекеттік мереке ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік мереке ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кешті ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов ашты. «Еліміздің тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің жаңа тарихындағы атаулы күндерінің бірі. Қазақстан жиырма екі жыл ішінде әлемдік қауымдастықта өз орнын белгілеп алды. Президент айқындаған еліміздің әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси даму моделі өз тиімділігін көрсетті. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан әлемдік жаһанданудың ажырамас бөлшегі және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. ҚазҰУ-дың да халықаралық деңгейдегі жетістігі Тәуелсіз еліміздің мерейінің үстем болумен байланысты», - деп атап өтті өз сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов.
Іс-шара аясында «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік маман» университеттік байқауының қорытындысы да белгілі болды.
ҚазҰУ-дың 120 жұмысшылары бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік кештің соңы арнайы ҚазҰУ ұжымы үшін «Ал либитум» камералық ансамблінің «Көзімнің қарасы», «Қызыл бидай», «Ақ сиса», «Регтайм», «Цыганский барон», «На прекрасном голубом Дунае» әндері орындалып, концерттік бағдарламаға ұласты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі