Білім беру жүйесін жақсарту жолдары қарастырылды

19 желтоқсан, 2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі, менеджмент және маркетинг кафедрасы шетел PhD докторы, профессор Алмаз Толымбектің (Delta International University/Management Institute of Canada) қатысуымен «Жоғары білім беру аясындағы бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Ұйымдастырылған шарада Delta International University/Management Institute of Canada PhD докторы, профессор Алмаз Толымбектің «Competitiveness in Higher Education», э.ғ.д., профессоры Ө.Қ. Шеденовтың «Инновациялық экономиканың дамуы жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жетілдіру», э.ғ.к., доцент Э.Е. Баймұхамбетованың «Маркетинговые аспекты повышения качества высшего образования» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Қазақстан мен шет елдердегі жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі факторлар, сонымен қатар қазақстандық білім беру жүйесі мен Канадалық білім беру жүйесінің өзара ерекшеліктері, білім беру сапасын арттырудағы маркетингтік аспектілері сияқты сұрақтар қарастырылды.

Экономика және бизнес жоғары мектебі