Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

19 желтоқсан, 2013

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Жинақтың мақсаты – гуманитарлық ғылымдардың аса маңызды іргелі және қолданбалы проблемаларын ашу.

Материалдар келесі бөлімдер бойынша жарияланады:

1) филология ғылымдары (әдебиеттану, фольклористика, риторика, аударматану, лингвистика);

2) педагогика және психология;

3) саясаттану, әлеуметтану және құқық;

4) философия, тарих және мәдениеттану;

5) білім беру үдерісіндегі иновациялық технологиялар.

Жарияланымға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Материалдар жариялану үшін 2014 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.

Мақаланы безендіру талаптары:

  1. Жариялауға ұсынылатын материалдар мазмұны мынадай болуы тиіс: а) мақала атауы; б) Автордың (авторлардың) Т.А.Ә. ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны және қызметі көрсетіледі.
  2. Мақала көлемі – 5 бет.
  3. Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады – Times New Roman. Кегль – 14. Жиек – барлық жағынан 2 см. Бір интервалмен терілуге тиіс. Азат жол арақашықтығы – 1 см.
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген дерек көздерінің толық шығу мәліметтерімен мақаланың соңында көрсетіледі. Дерек көздеріне сілтеме мақала мәтінінде қисық жақшамен көрсетіледі (мысалы: /1, 89-б./). Дерек көздерін қайталап келтіргенде алғашқы келтірілген дерек көзінің рет саны бойынша сілтемеде көрсетіледі.
  5. Мақалаларға арналған аннотация ағылшын тілдерінде жазылады. (5-6 сөйлемнен аспауы керек).
  6. Мақала электрондық және қағазға басылған түрде ұсынылады (1 дана.).
  7. Жарияланым құны –3500 тенге.

Жариялану үшін материалдармына мекен-жай бойынша қабылданады: 050040, Казахстан Республикасы, Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы, 71. КазҰУ, қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (3-ші қабат, 323 каб.). Немесе e-mail: teorialit@list.ru жіберуге болады

Байланыс телефондары: Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы: (727) 3773339, (ішкі 1328). Жинақтың жауапты редакторы – қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Темірболат Алуа Берікбайқызы, техникалық хатшы – Саргелтаева Ардақ.