Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Ақпараттық хат
Жинақтың мақсаты – гуманитарлық ғылымдардың аса маңызды іргелі және қолданбалы проблемаларын ашу.
Материалдар келесі бөлімдер бойынша жарияланады:
1) филология ғылымдары (әдебиеттану, фольклористика, риторика, аударматану, лингвистика);
2) педагогика және психология;
3) саясаттану, әлеуметтану және құқық;
4) философия, тарих және мәдениеттану;
5) білім беру үдерісіндегі иновациялық технологиялар.
Жарияланымға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар шақырылады.
Материалдар жариялану үшін 2015 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.
Мақаланы безендіру талаптары:
- Жариялауға ұсынылатын материалдар мазмұны мынадай болуы тиіс: а) мақала атауы; б) Автордың (авторлардың) Т.А.Ә. ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны және қызметі көрсетіледі.
- Мақала көлемі – 5 бет.
- Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады – Times New Roman. Кегль – 14. Жиек – барлық жағынан 2 см. Бір интервалмен терілуге тиіс. Азат жол арақашықтығы – 1 см.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген дерек көздерінің толық шығу мәліметтерімен мақаланың соңында көрсетіледі. Дерек көздеріне сілтеме мақала мәтінінде қисық жақшамен көрсетіледі (мысалы: /1, 89-б./). Дерек көздерін қайталап келтіргенде алғашқы келтірілген дерек көзінің рет саны бойынша сілтемеде көрсетіледі.
- Мақалаларға арналған аннотация ағылшын тілдерінде жазылады. (5-6 сөйлемнен аспауы керек).
- Мақала электрондық және қағазға басылған түрде ұсынылады (1 дана.).
- Жарияланым құны –3500 тенге.
Жариялану үшін материалдармына мекен-жай бойынша қабылданады: 050040, Казахстан Республикасы, Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы, 71. КазҰУ, қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (3-ші қабат, 323 каб.). Немесе e-mail: teorialit@list.ru жіберуге болады
Байланыс телефондары: Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы: (727) 3773339, (ішкі 1328). Жинақтың жауапты редакторы – қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Темірболат Алуа Берікбайқызы, техникалық хатшы – Саргелтаева Ардақ.