VI Қабдолов оқулары

23 желтоқсан, 2013

Конференцияда төменде көрсетілген секциялар жұмыс істейді:

  1. Әдебиет теориясы.
  2. Фольклористика және мәтінтану.
  3. Әлем әдебиетін зерттеудің әдістемелік аспектілері.
  4. Салыстырмалы әдебиеттану.
  5. Ұлттық әдебиет және әдеби байланыстар.

Конференцияға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар қатыса алады.

Конференцияға қатысу үшін өтініштер 2014 жылдың20 желтоқсанына дейін қабылданады.

Жарық көретін материалдар 2014 жылдың24 желтоқсанына дейін қабылданады.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

1. Жарық көретін материалдардың мазмұны:

а) мақала атауы; б) автор(лар)дың аты-жөні. Ғылыми атақ-дәрежесі, жұмыс орны мен қызметі қоса көрсетілуі тиіс.

2. Мақала көлемі – 5 - 6 бет.

3. Материалдар қазақ тілінде: әріп түрі – Kz Times New Roman; орыс және ағылшын тілдерінде: әріп түрі – Times New Roman. Әріп көлемі – 14. Жан-жағы – 2 см. Бір интервалмен басылуы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Әдебиеттерден пайдаланылған сілтеме қиғаш жақшамен беріледі (мысалы: /1, 89-б/). Әдебиеттерден алынған дәйектеме қайталанса, алғашқы сілтеменің рет-саны көрсетіледі.

4. Мақала компьютермен теріліп, қағазға басылып және дискеті қоса ұсынылады (1 дана).

5. Мақаланың басылым ақысы – 3500 теңге.

Өтініштер мен жарық көретін материалдар мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. ҚазҰУ Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (3-қабат, 323-каб.).

Конференцияға қатысу үшін өтініштерді және ғылыми материалдарды мына e-mail: Ardak.Sargaltaeva@kaznu.kz жіберуге сұраймыз.

Байланыс телефондары: Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (727) 3773339 (+1328 санын қосымша теріңіз).

Конференцияға қатысуға байланысты барлық мәселелер бойынша конференцияның арнайы комиссиясының төрағасы, аға оқытушы Бисенбаев Пазыл Қуанбайұлына, техникалық хатшы Саргелтаева Ардақ Құрманалықызына жолығуларыңызды сұраймыз.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

2013 жылы24 желтоқсанда өтетін VI Қабдолов оқулары» («З.Қабдолов және Қазақ ұлттық университеті») атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІШ*

1. Аты-жөні________________________________________________________

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы____________________________________

3. Жұмыс орны, қызметі_____________________________________________

__________________________________________________________________

4. Баяндама тақырыбы_______________________________________________

5. Секция__________________________________________________________

6. Мекен-жайы_____________________________________________________

__________________________________________________________________

7. Телефон________________________________________________________

8. E-mail___________________________________________________________

9. Қонақ үй қажет пе, қажет емес пе____________________________________

10. Қатысатын түрі (сырттай немесе баяндама жасау)_____________________

Конференцияға қатысу үшін өтініштер 2013 жылдың20 желтоқсанына дейін қабылданады.

Конференцияға қатысу үшін өтініштерді мына e-mail: Ardak.Sargaltaeva@kaznu.kz жіберуге сұраймыз.

* Конференцияға қатысу және орналасу үшін қатысатын адамның өз қаржысы есебінен төлейді.