Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы Т.Қ.Мекебаев «Ең үздік маман» конкурсы университетте биыл екінші рет өтіп жатыр деп атап кетті.Оның мақсаты ҚазҰУ қызметкерлерінің ең үздіктерін анықтау болды.Өткен жылы бірінші рет ұйымдастырылып еді биылда жалғасын табуда, енді жыл сайын өткізіліп тұрады деп айтып кетті өз сөзінде Т.Қ.Мекебаев.
Егерде қызметкер конкурс жеңімпазы болса мысалға ОҚП аттестациясиядан өткізу кезінде есепке алынбақ. Жеңімпаздарды анықтау келесі кретерилер бойынша алынды:Университеттегі жұмыс өтеліне, өз жұмысын тиянақты орындауы, құрылымдық бөлімшеде, университеттің қоғамдық жұмыстарға қатысуы, «Парасат» кәсіподағының іс шараларына белсене қатысуы қарастырылды.120 кызметкер «Парасат» кәсіподағының сыйлықтарымен марапаттау граматаларына ие болды, факультеттер бойынша ұсынылған ең үздік маманды ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың өзі жеке құттықтады.
Конкурсқа қатысушылар ризашылықтарын білдірді.Әскери кафедрасының шеберхана меңгерушісі Эльнара Бейсетбава өз сөзінде оның жұмысын осылай бағалағаны үшін оданда жақсы жұмыс атқаруға құлшыныс туғанан айтты. Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің бас маманы Сисекешова Динара осындай конкурстар қызметкерлерді ынталандыра түсетінін айта кетті.Өндірістік департамент кәсіподақ төрайымы Рауза Құдайбергенова өз сөзінде оның департаменті ең үлкен құрылымдық бөлімше болғандықтан бұл конкурсқа 20-дан астам қызметкерлер ұсынылып марапатталғанын айтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы Т.Қ. Мекебаев «Ең үздік маман» конкурсы әліде жүргізіле беретініне және қатысушыларды неғұрлым көбірек тарту керектігін айтып кетті.