Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті
2014 жылдың 15 қаңтарында биология және биотехнология факультетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастыруымен куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті.
Семинарда «AL-farabi University Smart city» ғылыми-инновациалық жобасы, «Қазақстандағы дін: дәстүр мен дәстүрсіздік», «Қауіп-қатер тобындағы студенттермен куратор-эдвайзерлердің әлеуметтік-педагогикалық жұмысының технологиясы» тақырыптары талқыланды.
Бұл кездесуделерде университет оқытушыларымен философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлары өз тәжірибесімен бөлісті. Қауіп-қатер тобындағы студенттермен қарым-қатынасты зерттеу нәтижелері, сонымен қатар қазіргі таңда ерекше орын алып отырған «дін», «отбасылық діни дәстүрлер» тақырыптары терең қамтылып, оқытушылармен ойын түрінде жүргізілген сұрақтарға жауап беру нәтижелері арқылы мінез-құлықтары туралы мәліметтер берілді. Мұндай кездесулердің, әрине, тәжірибе алмасуда, ой бөлісуде берер жемісі мол.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент