- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да "Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі" 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы өз жұмысын бастады
ҚазҰУ-да "Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі" 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы өз жұмысын бастады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университі Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысы басталды.
ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев барша конференцияға қатысушыларға сәтті жұмыс тілеп, алқалы жиынды ашты. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың инновациялық кәсіби білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі туралы» оқу ісі жөніндегі проректор Д. Ахмед-Заки баяндама жасап, оқу ісіндегі жаңа өзгерістер мен ҚазҰУ-да қолданысқа енгізілген бірнеше жаңа жобалар мен әдістермен таныстырды. Сонымен қатар қосдиплом бағдарламасына, шетелге студенттерді жіберу барысында ондағы жоғары оқу орнының білім беру деңгейіне назар аудару керектігіне, жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып оқыту мәселелеріне тоқталды.
Конференцияда халықаралық бағдарламаларға сәйкестендіріліп, модулді-құзыреттілік үлгіге негізделген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланып, конференция жұмысы «Жаңа білім берудің кәсіби бағдарламаларын жүзеге асыру аясында құзыреттіліктерді қалыптастыру», «Білім алушылардың білімін бағалаудың үлгілері мен технологиялары» бағыттары бойынша жұмысын бастады.
Сонымен қатар, конференция аясында білім беру бағдарламаларын аккредитациялау мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстелдің жұмысы өтті.
Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысында негізгі мәселе бітірушілердің тілдік құзыреттілікті бағалау мен қалыптастыру жүйесі қарастырып, білім алушылардың кәсіби және жеке құзыреттілікті бағалау мәселелері талқыланды.
Конференцияға университеттің профессор, доцент, оқытушылар және ұлттық жоғары оқу орындарының проректорлары мен жұмыс берушілер қатысты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі