Конькимен сырғанаудың жанкүйерлері әлемдік рекорд орнатты
2014 жылдың 18 қаңтар күні «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанаудан жаңа рекорд орнатылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері аталған шарадан тыс қалған жоқ. Университеттің жүзге жуық белсенді студенттері мен қызметкерлері бұл шараға қатысып, тарихта қалатын рекордтың орнатылуына септігін тигізді. Мерекелік шараға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.
Тағы бір ерекше атап өтетін сәт, барлық қатысушылар мұз айдынында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Ресми шараның жаңа форматы жастарға жақсы әсер қалдырды. Елбасымыз өз Жолдауында атап өткендей денсаулығымыздың тек 15 пайызы ғана медицинадан болса, қалғаны өзіміздің өмір сүру салтымызға байланысты. Салауатты өмір салтын таңдау арқылы жастар алға қойылған міндеттердің бірін орындады деуге болады.
Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі