Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жолдау талқыланды

29 қаңтар, 2014

2014 жылдың 24 қаңтарында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде дөңгелек үстел өтті. Талқыланған тақырып ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғарғы мектебінің деканы, э.ғ.к., доцент Б.Ж. Ермекбаева өзінің кіріспе сөзінде еліміздің Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауының еліміздің ғылыми ұйымының және Президент жолдауын студенттерге таныстыру, сонымен қатар Президент өз жолдауында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарына үйретуге тоқталды.


Дөңгелек үстелде экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҰҒА академигі, «Учет және аудит» кафедрасының профессоры С.С. Сатудалдин «Қазақстан мәңгілік ел жолында» атты баяндама жасаса, э.ғ.к., «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті С.К. Джумамбаевның баяндама тақырыбы «Қазақстан экономикасын дамытуда инновациялық-индустриалды бағытты дамыту». Ал, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Д.Ж. Рахматулаева «Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру – ҚР халқының дәулеттілігін арттыру» тақырынба кеңінен тоқталып, студенттерге жақсы дәріс оқыды. Ұстаздарымен қатар «Қаржы» кафедрасының 1 курс магистранты М.Ю.Бочарова да өз ойын «Қазақстанның дамыған 30 мемлекет қатарына кіру басымдылығы мен алғышарттары» атты баяндамасы арқылы жеткізді.

Баяндамалармен танысудан кейін жиынға қатысушыларымыз ҚР Президент жолдауының алға қойған мақсаттары мен іске асыру алғышарттарын талқылап, пікір-талас пен ашық ой бөлісу кезеңіне өтті. Э.ғ.д., профессор Б.К. Қазбеков Президент жолдауын жүзеге асыруда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау маңыздылығын атап өтті. Э.ғ.д., профессор У.К. Шеденов өз сөзінде, бірыңғай ұлттық мемлекет ұлттық сана-сезімді дамытуға байланысты екенін атап көрсетті. Э.ғ.д., профессор М. Тулегенова Мемлекеттің алға қойған мақсаттарын орындау үшін ең алдымен рентобағыттық даму жолынан арылу керектігін айтып, басты мәселе ретінде ҚР экспорт пен импорт мәселелерін қозғады. Э.ғ.д., профессор Р.Т. Дуламбаева өз сөзінде ҚР Кеден Одағындағы алатын рөлі мен осы жүйенің айқын дамуын жүзеге асыруды талап ету керек деп өз пікірімен бөлісті. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің деканы Б.Ж. Ермекбаева оқылған баяндамалар мен мақалалар жинағын, сонымен қатар факультет студенттерінің ҚР дамуына қосар үлестері мен өз пікірлерін жаза алатын жинақ шығару туралы ойымен бөлісті.

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі