Хабарландыру! "Үздік лингвист - 2014" байқауына қатысуға шақырамыз!

4 ақпан, 2014

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенттерін ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастырып отырған дәстүрлі «Үздік лингвист» байқауының І Университетаралық студенттер зияткерлік сайысына қатысуға шақырамыз.

Байқаудың шарттары бойынша қатысушы студент өзін-өзі таныстырып, тіл біліміне қатысты жалпы сұрақтарға, генеалогиялық және типологиялық классификация және арнайы курстар бойынша сұрақтарға дайын болуы тиіс.

«Үздік лингвист-2014» байқауына өтініш 2014 жылдың наурыз айының 3-іне дейін қабылданады.

«Үздік лингвист» байқауы 2014 жылдың 3 сәуір күні сағат 11.00-де, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өтеді.

Байқауға қатысуға ниет білдірген студенттер жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасына хабарласуына болады.

Қосымша байланыс телефондары: Тел: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29), 8-778-422-45-65 Бөрібаева Гүлнара Әбдіқасымқызы.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. Тел: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29). http://www.kaznu.kz/kz/8588/page

Құрметті 3 курс студенттері!

Сіздерді ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастырып отырған дәстүрлі «Үздік лингвист» байқауының І Университетаралық студенттер зияткерлік сайысына қатысуға шақырамыз.

Сайыстың мақсаты: Лингвистика ғылымына деген студенттердің қызығушылығын арттыру, жинаған білімдерін таразыға салу, бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Сайыс 2014 жылдың 3 сәуірінде ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өтеді.

Сайысқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын филология факультетінің 3 курс студенттері шақырылады.

Қатысамын деушілерге наурыз айының 25-іне дейін өтініштер қабылданады. Өтініш қабылданған соң, іріктеу туры өтеді, турдан өткен студенттерге байқауға қатысу мүмкіндігі беріледі. Сайыс зияткерлік ойын түрінде өтеді.

Өтініш жіберу үшін uzdik.lingvist@bk.ru мекен-жайына «Үздік лингвист-2014, өтініш» деген тақырыппен оқу орнының атауы, аты-жөні, суреті, өзі жайында қысқаша ақпаратты қоса жіберу керек.

Жеңімпаздарға демеушілер тарапынан жүлделер, сыйлықтар беріледі.

Толығырақ ақпарат http://www.kaznu.kz/kz/13856/news/one/6411/ сілтемесінен алуға болады. Қосымша байланыс телефондары: Тел: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29), 8-778-422-45-65 Бөрібаева Гүлнара Әбдіқасымқызы.

Ұйымдастырушылар:

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы
ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
Алматы, Қазақстан
Тел: 8 (727) 377-33-39 (13-29)