- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тілді меңгеру: теория және эмпирия» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік виртуалды конференциясы өтеді
«Тілді меңгеру: теория және эмпирия» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік виртуалды конференциясы өтеді
2014 жылдың 25-26 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Тілді меңгеру: теория және эмпирия» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік виртуалды конференциясын өткізеді.
Конференцияға қатысамын деушілер 2014 жылдың 20 ақпанына дейін akberdy2004@mail.ru, nur.zhanna@list.ru электронды мекенжайларына тапсырыс жіберулері тиіс.
Жоспарланған секциялар:
1-секция. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық аспектілері мен сөйлеу әрекетінің түрлеріне қатысты әдістемелік мәселелер.
2-секция. Қазақ және орыс тілдерін шет тіл ретінде оқытуды модернизациялау: заманауи әдістемелер мен технологиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, бағдарламалар мен жоспарлау, білімді бақылау, тестілеу, білімді бағалаудың рейтингтік жүйесі.
3-секция. Өзге тілді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.
Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілінде өткізіледі.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы