"Лингвистика: ақпараттық технологиялар"

5 ақпан, 2014

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 18 наурызында жас ғалымдар арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын «Лингвистика: ақпараттық технологиялар» атты Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық симпозиумын өткізеді.

Симпозиумға жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады. Ғылыми симпозиум мынадай бағыттарда жұмыс істейді:

  1. Тілді зерттеу және ақпараттық технологиялар
  2. Тілді оқытудағы компьютерлік технологиялар
  3. Корпустық лингвистика: қазақстандық ғылым саласындағы алғышарттары және даму жолдары

Симпозуим қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Симпозуим материалдарын жинақ түрінде жариялау көзделіп отыр. Ұйымдастыру жарнасы - 2500 теңге.

Симпозуимға қатысу үшін 2014 жылдың 25 ақпанына дейін өтініш білдіріп, баяндама мәтінін электронды нұсқасымен бірге ұсыну керек. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Баяндамалар мәтіні төмендегідей техникалық шарттарға сай болуы керек: Көлемі – 3-5 бетке дейін, Word 1997-2003, 2007, Times New Roman (шрифтімен), 14 кегль, форматы – А4, аралығы – 1 интервал. Баяндаманың соңында пайдаланған әдебиеттер сілтеме реті бойынша келтіріледі.

Қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы керек:

1.Аты-жөні.

2. Ғылыми дәрежесі, атағы.

3. Жұмыс орны, қызметі.

4. Баяндаманың аты.

5.Мекен-жайы, e-mail:

Симпозиум 2014 жылдың 18 наурызында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің А.С.Аманжолов атындағы дәрісханада

(№ 322) сағат 14.00-де басталады.

Біздің мекен-жайымыз:Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, 317 кабинет.

Байланыс телефоны: +7 (727) 3773339 (ішкі: 1329)

e-mail: kafedra_2014@bk.ru

Жауапты хатшылар: Күзембекова Ж.Ж., Байсеитова Ж.А.