әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 18 наурызында жас ғалымдар арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын «Лингвистика: ақпараттық технологиялар» атты Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық симпозиумын өткізеді.
Симпозиумға жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады. Ғылыми симпозиум мынадай бағыттарда жұмыс істейді:
- Тілді зерттеу және ақпараттық технологиялар
- Тілді оқытудағы компьютерлік технологиялар
- Корпустық лингвистика: қазақстандық ғылым саласындағы алғышарттары және даму жолдары
Симпозуим қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Симпозуим материалдарын жинақ түрінде жариялау көзделіп отыр.
Симпозуимға қатысу үшін 2014 жылдың 25 ақпанына дейін өтініш білдіріп, баяндама мәтінін электронды нұсқасымен бірге ұсыну керек
Толығырақ ақпаратты Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасынан білуге болады.
Байланыс телефоны: +7 (727) 3773339 (ішкі: 1329)
e-mail: kafedra_2014@bk.ru
Жауапты хатшылар: Күзембекова Ж.Ж., Байсеитова Ж.А.