«Қазақстан жоғары мектебінің мәселелері» атты ғылыми конференция
2009 жылдың 14 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрғанбек Қатаұлы Қатаевты еске алуға арналған «Қазақстан жоғары мектебінің мәселелері» атты ғылыми конференциясын өткізді.
Конференция жұмысында Б. Жұмағұлов модератор ретінде сөз сөйледі. Онда: «Тұрғанбек Қатаұлы - мықты жетекші, маман, әрі азамат. Оның ойлылығы, жүйелілігі білім министрі болып келгенде жақсы көрініс тапқандығын ерекше атап өткім келеді. Ол ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын күшейтуге көп көңіл бөлді және өзі қызмет еткен жылдары ЖОО қатарына тағы 20-сы, ондаған арнайы мамандандырылған орта білім беретін оқу орындарымен толықты. Шындығында, 70-80 жылдар Қазақстандағы білім беру жүйесінің қарқынды даму кезеңі болғандығы белгілі. Тұрғанбек Қатаұлының осы салаға сіңірген еңбегін бағалау мүмкін емес».
Ірі тұлғаны әріптестері мен қызметтестері ыстық ықыласпен еске алды.ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қ. Тоқаевтың атынан Сенат депутаты Ақан Бижанов құттықтау хат оқыды. Хатта биыл көзі тірі болса, 90 жасқа келетін Қазақстан жоғары мектебінің мықты ұйымдастырушысы Т.Қ. Қатавтың қызметі жайлы айта келіп, бүгінгі таңда оның идеялары іске асып жатқан отандық ірі оқу орын ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың маңызды роліне тоқталған.
Сонымен қатар конференцияға университет ректорлары, республиканың жетекші ғалымдары мен Алматы қаласындағы ЖОО өкілдері қатысты. Бұл кездесу ЖОО жетекшілеріне жақында Ақордада өткен Ғылым және ғылыми саясат жөніндегі Кеңесте Елбасының қойған талаптарына сәйкес жаңа идеялармен, ұсыныстармен бөлісуге мүмкіндік берді.
Конференцияда ҚР ҰҒА академигі К.Н. Нәрібаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректорыС.Ж. Пірәлиев, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.И. Есполов, Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов, Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің ректоры Ә.Ә. Әбжаппаров баяндама оқыды. Бүгінгі ректорлардың көбі заманында Т.Қ. Қатаевпен қызметтес болып, оның ұйымдастырушылық қабілетін үйренгендігін атап өту керек.
Конференция барысында Қазақстан жоғарғы мектебінің қазіргі мәселелері, Болон процесіне кірудегі мәселелері мен басымдықтары және міндеттері, техникалық және педагогикалық жоғары білім берудегі өзекті мәселелер, жоғары мектепті мемлекет тарапынан бақылау және мемлекеттік емес ЖОО қызметі, сонымен қатар еуразия кеңістігінде Қазақстан жоғарғы білім беру ісін дамыту басымдықтары т.б. жайлы ойларын ортаға салды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі