М. Барманқұлов оқулары аясында «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

10 ақпан, 2014

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы 2014 жылдың 28 ақпанында сағ.10.00-де М. Барманқұлов оқулары аясында «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.


Қазақстанда ақпараттық қоғам негіздерін қалыптастыру, электронды медианың ұлттық және жаһандық ақпараттық кеңістіктегі орнын айқындау, ақпараттық теңсіздікпен күрес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың дамуын бақылау, демократиялық үдерістердің тұрақты дамуына ықпал жасау, ұлттық деңгейде қарастырылатын басым бағыттағы мәселелерді талқылау конференция тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Дәстүрлі М. Барманқұлов оқулары аясында өтетін «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық конференцияға бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары, докторанттары қатысады.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, профессор Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залы /230 ауд/.

Ереже Барманкулов оқулары қаз..docx

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Телефон: (8-7273) 77 33 40 қосымша 1351