«Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы мен дамуы» атты тақырыпта профессор Ермек Бурибаевтың көшбасшылық дәрісі өтеді

12 ақпан, 2014

Бүгін сағат 13:25-те «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру шаралары барысында (ГУК 3, 3 залда) заң факультетінің студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары үшін «Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы мен дамуы» атты тақырыпта з.ғ.д., профессор Ермек Әбілтайұлы Бурибаевтың көшбасшылық дәрісі өтеді.


Бұл дәрісті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетін 1996 жылы бітірген түлегі, заң ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Инновациялық Евразия университетінің профессоры, Алматы қалалық нотариаттық палатасы басқармасының мүшесі, Республикалық «Бюллетень нотариуса» журналының редакциялық алқасының мүшесі, «ҚР Нотариат туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасын өңдеуге байланысты ҚР Әділет Министрлігінің жұмыс тобының мүшесі және көптеген ғылым жариялымдардың, нотариат мәселесіне байланысты монографиялар мен оқулықтардың авторы Ермек Әбілтайұлы Бурибаев жүргізеді.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек

құқығы кафедрасы