ҚазҰУ түлектерінің мерейтойлық кездесуі

24 қыркүйек, 2009

17 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылығына орай Қазақ ұлттық университетінде әр жылғы түлектердің мерейтойлық кездесуі өтті.

Бұл күні Қазақ ұлттық университетінің 120 мыңдық сарбаздарының ішінде үздіктердің үздігі бас қосты.

Шараның мерекелік күйі бүкіл студенттік қалашық кешеніне жайылды. Өз түлектерін үрмелі аспаптардың сүйемелдеуімен университеттің 13 факультетінің декандары мен студенттері қарсы алды.

Мерейтойлық кездесудің салтанатты сәтінде сөйлеген сөзінде ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов: «Қымбатты түлектер, сіздер және сіздердің жетістіктеріңіз тек бір ғана біздің мемлекет емес, бүкіл әлем қауымдастығының алдында оқу орынның келбетін көрсетеді. Сіздердің кәсіби жетістіктеріңіздің арқасында ҚазҰУ әлемнің ең үздік бес жүз университетінің арасында 150-і орынды иеленді. Әрі қарайғы университет имиджін көтеріп, оның ұжымдық мәдениетін қалыптастыруға, өткен жылдардың озық студенттік дәстүрін сақтап, оны жалғастыру сіздердің мойындарыңыздағы жауапкершілік» дей келе, «болашақта сіздердің көмектеріңізді ҚазҰУ түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуге бағыттау керек. Түлектердің демеушілік қолдау көрсетуі маман дайындау сапасын жоғары дәрежеге көтерер еді» деді.

Ректор «Тәжірибеде көрсеткендей айтулы жетістіктерге жеткен түлектердің өзі қоғамды мойындатуды талап етеді. Мұндай мойындатудың бірден бір жолы өз университетіміздің қабырғасында өтіп жатыр» деп атап өтті.

Сонымен қоса осы жерде ҚазҰУ-дың көрнекті түлектері жайлы «Біздің элита» атты бірегей кітаптың тұсаукесері болды. Бұл 225 мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, жазушылар мен ғалымдардан, мәдениет қайраткерлері мен кәсіпкер тұлғалар ғұмырнамасынан құралған университеттің «аңыз адамдары» жайлы толық том. Демеушілер арасында Мұхтар Әуезов қоғамдық қоры бар.

Ректор университеттің көрнекті түлектері - ҚР UNESKO жанындағы арнайы Өкілі Олжас Сүлейменовты, көрнекті қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековты, ҚР Ұлттық ғылым академясының академигі Салық Зимановты мерейтойлық Үлкен Күміс медальмен марапаттады. Олардың есімдері Қазақ ұлттық университетінің тарихында мәңгіге жазылып қалды. Меренйтой «Даңқ» және «Барыс» ордендерінің ковалері Сәт Тоқпақбаев үшін ерекше болды, өйткені дәл осы күні ол 70 жасқа толды.

Аталған мереке бірінші курстың жаңа келген түлектері үшін де естерінде ұмытылмастай боп қалары сөзсіз, өйткені олар алдыңғы буын ағаларының ақ батасын алды. Олар академик Сұлтан Сартаевтың қолынан білімнің «алтын кілтін», Сенат депутаты Қуаныш Сұлтановтан үлкен сынақ кітапшасын және Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Роговтан студенттік билет алды.

Мерейтойдың салтанатты рәсімі оқу орын басшылығы атынан меценаттығымен танылып жүрген азамат ҚР-ның бас прокуроры Қайрат Мәмиге алғыс хат жолдап, оны ҚазҰУ Түлектер ассоцияциясының президенті етіп сайлаумен аяқталды. Одан соң қонақтар салтанатты түрде ҚазҰУ тарихы мұражайын аралады. Бүгін түлектер жолбасшысы құқығын иеленген студенттер өз университетінің тарихы жайлы толқыныспен айтып айтып берді.

Бас ғимараттағы мерейтойлық шара Студенттер сарайындағы университет жетістіктерін паш ететін көрме алаңын аралатумен жалғасын тапты. Түлектер сарайда өткен гала-концерттен тамаша әсер алды. Олардың алдында ҚазҰУ-дың жұлдызды түлектері - «Жетіген» ансамблі, Айжан Нұрмағамбетова, Мадина Сәдуақасова, Динара Қырықбаева өнерін көрсетті. Әсіресе, Студенттер сарайындағы өзіндік студенттер шығармашылық ұжымының сахналық қойылымдары ерекше тәнті етті.

Атақты түлектердің бірі Мырзатай Жолдасбеков өз сөзінде: «Бұл университетпен менің өмірім жіпсіз байланған. Біз білімнің эталонына айналған ҚазҰУ-ды таңдадық. Өзім ҚазҰУ-дың түлегімін, құдай қосқан қосағым да осы жерде оқыған, біздің балаларымыз да осы оқу орында білім алды. Біз қателескен жоқпыз» деді.

Бүгінгі кездесудің белгісі ретінде Түлектер аллеясына ағаш отырғызды. Естен кетпес айтулы кездесу жайлы әлі де талай кино түсіріліп, кітаптар шығарылады, өйткені бұл университеттің жаңа тарихының бастауы.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі