- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Ғарифолла Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты лидерлік дәрісі болып өтті
Профессор Ғарифолла Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты лидерлік дәрісі болып өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, философия және саясаттану факультетінде мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты лидерлік дәрісі болып өтті.
Дәріске философия және саясаттану факультетінің докторанттары, магистранттар және студенттер қатысты. Олар академик Ғарифола Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты дәрісін аса зор ынтамен тыңдап, қызығушылықтарын білдірді. «Мәңгілік Ел» идеясы - Президент ұсынған бұл ұлттық идея халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманына негізделеді және еліміздің бірлігін нығайтуға, алдымыздағы ауқымды экономикалық, саяси, мәдени, құқықтық, зияткерлік, тәрбиелік міндеттерді жұмыла шешуге бағыттайды. Дәріс барысында еліміздің болашағы туралы, «мәңгілік ел идеясының» мәні мен маңыздылығы туралы сұрақтарын қойып, жастар өз пікірлерін білдірді. Факультетіміздің жастары «Мәңгілік ел философиясы» лидерлік дәрісін басқа да ЖООның жастары да, басқа шалғай өңірдегі замандастары да тыңдаса, «Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдаудың маңызын жақсы түсінер еді деп ұсыныс жасады. Жолдау аясындағы шара философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.