«Қазақстанның инновациялық даму жағдайындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі жүйесінің жетілдірілуі» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

15 ақпан, 2014

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасын, заң факультетінің студенттері және Алматы қалалық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Қазақстанның инновациялық даму жағдайындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі жүйесінің жетілдірілуі» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді. Дөнгелек үстел кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.Р. Усеинова, з.ғ.к., доцент Тұрсынқұлова Д.А., з.ғ.к., доцент К.Р. Усеинова, з.ғ.к., доцент Сманова А.Б., Медеу аудандық ХҚК орталығының жетекшісі Тауан С.Х., оқытушы Л.Б.Нусипованың ұйымдастыруымен өтті.


Кездесу кезінде қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін жетілдіру туралы, білім құжаттарын нострификациялау, халыққа қызмет көрсетуде мемлекеттің адам құқықтарына байланысты ақпараттарды толық жеткізуі туралы мәселелер ортаға салынып, талқыланды. ХҚК орталығының қызметкерлерінен студенттер қойылған сұрақтарына қанағаттандыратындай жауап алды. Өткізілген іс-шара студенттер және оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық танытты.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы