Студенттер әл-Фараби трактаттарын талқылады
Заң факультетінде «ҚазҰУ-дың студенттері оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Әл-Фараби трактаттарындағы саяси-құқықтық ой-толғамдар: өміршеңдігі, өзектілігі және маңызы» тақырыбында оқырмандар кеші өтті.
Кешті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік кафедрасының доценті, з.ғ.к. Н.Қ. Мынбатырова, доцент, з.ғ.к. Қ.Р. Үсеинова және 204 топ студенттері ұйымдастырды. Студенттер кеште «Қайырымды қала тұрғындарының қөзқарастары» және «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» трактаттарын оқу нәтижесінде өздерінің алған әсерлерін, байлаған ой-түйіндерін талқылап ортаға салды. Сондай-ақ студенттер Б.Серікбаева, С.Жарылғапова, А.Жарарова, А.Тілеуқұлова, М.Маматай қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары бойынша көрініс қойып, олардың бақыт туралы ұғым-түсініктерін бүгінгі өмірде кездесетін құбылыстармен сабақтастырды. Ал студент Қамбар Бағдат көрермендер алдында әл-Фарабиге арналған арнау жырын оқып берді. Тілеуқұлова Айгерім «Отырардағы той» әнін айтып, Бірімқұл Еңлік пен Құлынтай Дамира «Аққу» биін биледі. Кешке факультет деканының орынбасарлары, кафедра профессорлары, оқытушылары, магистранттары қатысты. Кеш барысында аталған трактаттар бойынша оқырмандарға, қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген студенттер арнайы сыйлықтарға ие болды. Кеш соңында кафедра меңгерушісі з.ғ.д. , профессор Г.Р. Үсеинова, з.ғ.д., профессор А.С. Ибраева, з.ғ.д., профессор З.Ж. Кенжалиев, факультет деканының тәрбие ісі бойынша орынбасары Б.А.Шопабаев сөз сөйлеп, кеш туралы өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Студенттерге табыс тіледі.