Ә. Бектұров атындағы Қазақстан химия қоғамы және физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты жоғары оқу орындары арасында байқау өтті.
«ЛОГОС+» ЖШС «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты жоғары оқу орындары арасында өткен байқауды ұйымдастыруға қаржылау көмек көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша I дәрежелі дипломның иегері 4 курс студенті Н. Шевченко 50 000 теңге көлеміндегі сыйақымен, II дәрежелі дипломның иегері 3 курс студенті Д. Махаева, 4 курс студенті Қ. Кеңес 30 000 теңге көлеміндегі сыйақымен, III дәрежелі дипломның иегерлері 2 курс магистранттары Қ. Бурханбаев, Г. Бейсенова 20 000 теңге көлеміндегі сыйақылармен мараппатталды. Сонымен қатар, қатысқан студенттерге 10000 теңге көлеміндегі сыйақы және мақтау қағаздары берілді. Өндірістің тірегі ғылымға негізделгендіктен аталған іс-шара болашақта жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға тірек болатындығы сөзсіз.
Химия және химиялық технология факультеті