- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы кеден органдарының функциясы мен ұйымдастыру құрылымы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
«Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы кеден органдарының функциясы мен ұйымдастыру құрылымы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
2014 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мекемесінде ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының құрамымен «Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы кеден органдарының функциясы мен ұйымдастыру құрылымы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарда Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысының бірінші орынбасары Тен И.В. Кеден Одағының құрылуына байланысты және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кедендік заңнамаларын унификациялануының өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар жоғарыдағы аталған тақырыптың құқықтық ғылыми-теориялық мәселелерін з.ғ.д., профессор Кенжалиев З.Ж. өз баяндамасында ашып талдады.
Семинар Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен бірлесіп өткізді.
Семинарды өтуіне кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.Р. Усеинова, з.ғ.д., профессор З.Ж. Кенжалиев, з.ғ.к., доцент Б.М. Кошпенбетов, з.ғ.к., доцент Д.А. Оспанова, з.ғ.к., доцент Ғ.Д. Тайғамитов үлкен үлес қосты.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы