2014 жылдың 20 ақпан күні сағ. 15-00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Музейі мен Жастар ұйымдары Комитеті бірлесіп пікірталас аясында студенттік «Университеттің тұрақты дамуындағы Ғылым, Естелік, Педагог» атты семинар өткізеді.
Семинар университет профессоры, Ұлы Отан соғысының ардагері А.В.Соловьевтың 90 жылдық мерейтойына арналады. Пікірталас ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрхановтың 2014 ж. 19 ақпандағы «Казахстанская правда» газетінің № 34 санында басылып шыққан «Учил науке, воспитывая душу» атты мақаласы аясында болмақ.
Қатысушылар: география және табиғатты пайдалану факультеті энергоэкология кафедрасының 3 курс студенттері мен басқа да факультет студенттері.
Қатысамын деушілерге есік ашық!
Жауаптылар: энергоэкология кафедрасының профессор міндетін атқарушы, университет музейінің директоры Тажибаева Т.Л., Жастар ұйымдарының Комитеті, музей қызметкерлері.