Бірінші байлық – денсаулық

2 қазан, 2009

3 қыркүйектен бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық жатақханаларында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімі мен Жатақханалардың студенттік кеңестерінің ұйымдастыруымен «Гедеон-Рихтер» компаниясының өкілдері - студенттік емхананың дәрігерлерімен профилактикалық кездесулер өтті. Студентерге жүктілікті болдырмайтын контрацепция түрлерімен, жасанды түсік жайлы ақпарат және оның Қазақстан мен әлемдегі статистикасымен танысуға мүмкіндік берілді. Кездесу еркін әңгімелесу түрінде өтіп, студенттер қысылмай өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, сұрақтарына толықтай жауап ала алды. Гинеколог мамандармен қатар кездесуге психологтар да қатысып, өздерінің тегін консультациялары мен көмектерін ұсынды.

Дәрігер мамандар жастарға «Бірінші байлық - денсаулық» екенін кәсіби тұрғыдан түсіндірді.