«Сенің өмірің – сенің қолында» семинары

2 қазан, 2009

9 қыркүйек күні Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім «Два крыла» атты қоғамдық бірлестікпен бірлесе отырып, «Сенің өмірін - сенің қолыңда» тақырыбында салауатты өмір салтын насихаттайтын семинар өткізді. Әсіресе, қыздар арасындағы салауатты өмір салты семинардың өзекті тақырыбына айналды. Семинар елдегі демографиялық мәселені шешу мен болашақ аналардың денсаулығына байланысты көтерілген мәселе аясында өтті. Семинар студенттердің дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатымен жасанды түсік жасамауды насихаттайтын Дүниежүзілік Контрацепция Күніне арналған акциямен аяқталды.