Санкт-Петербург мемлекеттік университеті профессоры Д. Гавраның дәрісі өтеді
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында 2014 жылдың 24 ақпаны мен 7 наурызы аралығында (сағ.10.00-13.00) Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры, факультет деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтік ғылымдар докторы Дмитрий Петрович Гавраның студенттер мен магистранттарға, PhD докторанттар мен барлық өз еркімен қатысушы тұлғаларға арналған «Қазіргі ақпараттық қоғамдағы саяси коммуникациялар мен саяси PR», «Коммуникациялар дағдарысы мен PR дағдарысы» атты дәрістері өтеді.
Профессор Д.П. Гавра – Санкт-Петербург коммуникациялық зерттеулер мектебі мен аймақтық-мемлекеттік имиджмейкинг және саяси PR-дың жетекшісі және қалыптастырушысы. /Т.Қожакеев атындағы акті залы, 230 ауд/.