"Шығыс әлемі" студенттік клубында дөңгелек үстел өтті

20 ақпан, 2014

«Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық студенттік клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқитын Ауғанстаннан келген тыңдаушылар Адиба Карими, Милад Османи, Вахид Назими, Насрат Садат қатысты. Олар клуб мүшелерімен танысып, мемлекеттік тілде біздің университет туралы өз пікірлерін білдірді.

Адиба Карими: «Мен отандастарыммен Ауғанстан Ислам Республикасынан келіп, ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алып жатырмын. Арманымыз – Халықаралық қатынастар факультетіне түсіп, болашақта дипломат болу. Мәртебесі жоғары Білім Ордасында оқу – біз үшін үлкен бақыт, мақтаныш...»

Вахид Назими: «Қазақстанның ең танымалы университетінде білім алу, әрине, бізге ұнайды. Студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған, университет аумағы Wi-Fi желі­сімен то­лық қамтылған. Кез келген уа­қытта жатақ­хана мен университет ғимараттарында, ғаламторды емін-еркін пай­далануға жағдай жасалынған».

Насрат Садат екі ел арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы баяндама жасап, сонымен бірге өз елі туралы бейнематериалдар көрсетті.

Ауғанстаннан келген жастар «Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық студенттік клубына мүше болып қабылданды. Клуб мүшелері клуб жұмысына белсенді қатысып, келген қонақтарға алғыстарын білдіріп, шағын сыйлықтарын тапсырды.


"Шығыс әлемі" клубы