«Фемида» клубы “ҚазҰУ-ым – рухани байлығым” атты жинақ шығарады
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең ірі университеттердің бірі. Осы жылы университетке 80 жыл толып отыр. ҚазҰУ Қазақстан экономикасының мәдениеті, ғылым мен білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосады және мамандарды дайындаудағы жоғары мектеп болып табылады. ҚазҰУ жоғары білім беру сапасы, халықаралық мойындаушылық, белсенді ғылыми-зерттеу қызметі, инновациялылық, мықты профессорлық-оқытушылық құрам және дарынды түлектерін мақтан тұта алады.
Осы іс-шаралар аясында азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Фемида» клубы “ҚазҰУ-ым – рухани байлығым” атты тақырыпта жинақ шығару үшін студенттер мен магистранттардан авторлық өлеңдер мен шығармаларын өздерінің фотосуреттерімен электронды түрде 2014 жылдың 28 ақпанына дейін мына төмендегі адреске жіберулеріңізді сұрайды alua-moldakhmet@mail.ru, alu4ik94@mail.ru.
Егер сұрақтар туындаса мына телефонға хабарласуыңызға болады: 87788648322 Мұратова Алуа
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының «Фемида» студенттік клубы