- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өтті
«Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өткізілді.
Кештің мақсаты, университеттегі өнерпаз студенттердің басын біріктіре отырып, поэзияға қызығушылықтарын арттыра, жас ақындардың өнерін шыңдау болып табылды.
Қандай жанның болмасын жүрек түкпіріндегі сырын тауып айтатын ақындар қауымы, бұл жолы да өз өнерлерімен артта қалған жоқ. Метеорология мамандығы бойынша 1-4 курс аралығындағы студенттер арасынан 4-курс студенттері Жәди Асхат пен Тұрысбекова Айнұр бастаған, Абдуллақызы Ұлбосын, Дүйсенбай Ақжол, Темирова Зейнеш, Есенғазы Жанар, Айтуғанова Сымбат атты студенттер өз шығармаларымен бөлісті.
Кешті ұйымдастырушы студенттердің шақыруымен физика-техникалық факультеттің студенті Мұсат Иманқұл және халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы, университет түлегі Жандос Оспанбаев те кеш қонағы болып, өз шығармаларымен бөлісті.
Студенттердің өлеңдері «Жастық шақ – жыр ғұмырдың жаршысы», «Қаладағы қалашығым – ҚазҰУ-ым», «Сырымды саған айтам сыймай жүрген», «Туған елім тұғырында тұрса екен!» атты тақырыптарды қамтып, келген көрерменнің көңілі қуанышқа толып қайтты.
Метеорология және гидрология кафедрасы