- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Студент жастардың қоғамдық өмірінің қауіпсіздігі – ел тыныштығының кепілі» тақырыбындағы семинар
«Студент жастардың қоғамдық өмірінің қауіпсіздігі – ел тыныштығының кепілі» тақырыбындағы семинар
25 қыркүйек күні сағат 17.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Сардар» қалалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Студент жастардың қоғамдық өмірінің қауіпсіздігі - ел тыныштығының кепілі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар 3 блоктан тұрды.
І блоктың тақырыбы. Қаладағы қоғамдық тәртіптің сақталу деңгейі.
ІІ блоктың тақырыбы. «Тәртіп жасақтарының» қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлі.
ІІІ блоктың тақырыбы. Студент жастарды қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырудың қазіргі жағдайы.
Әр блокта семинарға қатысқан спикер-сарапшылар тақырыпқа байланысты баяндамаларын жасап, аудиториядан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинарға қатысып сөз сөйлеген спикер-сарапшылар: Алматы қалаcы, Бостандық аудандық ІІБ қызметкері, полиция капитаны - Әлжанов Жандос; Қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал ететін Алматы қалалық бірлестігінің төрағасы Сон Дмитрий; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің тәртіп жасақтарының басшысы - Есенбеков Жұмағали.