- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Конфессияаралық келесім Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
«Конфессияаралық келесім Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық қауіпсіздік академиясының академигі, философия докторы Қ.Т. Қасымовтің қатысуымен «Конфессияаралық келесім Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарда әлем елдеріне үлгі етуге болатын Қазақстан Республикасының мәселелерді шешу және көпұлтты мемлекеттің бұл мәселелерді проблема емес жеке мемлекеттік институт ретінде құру жолдары туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық қауіпсіздік академиясының академигі, философия докторы Қ.Т. Қасымов мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар жоғарыдағы аталған тақырыптың құқықтық ғылыми-теориялық мәселелерін з.ғ.д., профессор Кенжалиев З.Ж. өз баяндамасында ашып талдады.
Семинарға ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы және басқа ғалым заңгерлердің қатысуымен өтті.