Халықов оқулары аясында сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың концептуалдық бағыттарына арналға конференция өтеді

27 ақпан, 2014

28 ақпан 2014 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде (сағат 10.00, 410 дәрісхана) «Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың концептуалдық бағыттары: отандық және халықаралық тәжірибе» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (жыл сайынғы Халықов оқулары) өтеді.

Конференцияда ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы сот – құқықтық жүйелерін жетілдірудің негізгі бағыттары, жаңа Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі жобасының концепциясын талқылау аясындағы сот пен құқық қорғау органдары қызметінің өзекті мәселелері, қылмыстық саясаттағы либерализациялау және ізгілендіру мәселелерінің заманауи алғышарттары, сотқа дейінгі өндірісте адам құқығын қамтамасыз ету мәселелері, техникалық-криминалистік және сот-сараптамалық қызметтің ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етілу мәселелері талқыланады.

Баршаңызды конференция мәжілісіне қатысуға шақырамыз.