Магистранттар экономика мәселелерін талқылады
«Экономика» кафедрасында «Қазақстандағы девальвация ерекшеліктері: себептері мен салдары» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Профессор Раушан Дуламбаева басшылығымен және «Экономика» мамандығының 2 курс магистранттарының қатысуымен ұйымдастырылған жиында «Девальвацияның теориялық негіздері мен сәтті девальвация жүргізудің Маршалл-Лернер шарты» тақырыбындағы Н.Б Шуренов, Абишов Д.А., Аймашова С.С «Девальвация жүргізудің шет елдік тәжірибесі», Сейдилдаева К.М. «Қазақстандағы жүргізілген девальвацияның себептері мен салдары» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып, талқыланды.
Берілген мәселенің нәтижесін талқылауда девальвацияны жүзеге асыру үрдісі мемлекеттік органдар тарапынан айқын стратегияны әзірлеу, ұқыпты дайындық және әлеуметтік-экономикалық факторларды негізге алу және есептеу, ұлттық экономика жағдайында Қазақстандық ұдайы өндірістік жүйе қызметінің ерекшеліктері маңызды орын алады және осы негізде мемлекет тарапынан көп халық үшін девальвацияның салдарын жеңілдету үшін әлеуметтік саясатты адекватты жүргізу мәселелері айтылды.