АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ МЕН «ЖЕРҰЙЫҚ» ОНОМАСТИКАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдығына арналған «Ономастика – Қоғам – Уақыт» I республикалық ғылыми-танымдық конференцияға бакалавр санатындағы студенттерді қатысуға шақырамыз.
Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2014 ж. 11 сәуірінде өтеді
ҚАРАСТЫРУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР:
- Жергілікті облыстардағы ономастикалық мәселелер және оларды шешу жолдары;
- Тарих қойнауында сақталған топонимикалық атаулар (Т. Жанұзақовтың «Топонимикалық сөздігіне» енбеген жер-су атауларына түсіндірме жасау).
- Қоғамдағы жарнама тілінің өзекті мәселелері мен жетістіктері.
Қонференцияның жұмыс тілі: қазақ.
Конференцияға қатысу үшін автор материалдың (көлемі 3-4 беттен аспауы тиіс) электрондық нұсқасын, сондай-ақ қосымша мәтіні қағазға басылған түрін (Tіmes New Roman шрифт, 14 кегль) жіберуі тиіс.
МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Мақала атауын ортаға (бас әріптермен, 14 кегльмен)
Мақала авторы (аты-жөні) (12 кегель)
ЖОО атауы, қаласы (12 кегель)
Электронды поштасы (10 кегель)
Өлшемдер: үсті және асты – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм.
Жоларалық интервал – 1.0
Аннотация: 3-5 сөйлем, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;
Кілт сөздер: (5 сөзден аспауы тиіс, курсивпен, 10 кегльмен), қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;
Әдебиеттерді жазу үлгісі:
1.Колесов В.В. Русская ментальность в языке и тексте. – СПб: Петербургское Востоковедение, 2006. С.11.
2.Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2007.
Текст ішінде сілтеменің төмендегідей үлгіде жазылады: [1: 23], 1 – еңбектің аты, 23 – беттің саны [2:15, 16].
Ұйымдастыру комитеті жарық көретін материалдарды сұрыптап барып жариялайтындығын ескертеді.
Қатысу өтініші (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, атағы, дәрежесі, мақала атауы, секция атауы, пошталық адрес, e-mail) және материалдар 2014 жылдың 15 наурызға дейін қабылданады.