- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми форум
«ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми форум
Форум жұмысының негізгі бағыттары:
Әдебиеттану және фольклортану:
1) Әдебиеттанудың теориялық және методологиялық мәселелері.
2) Қазіргі қазақ әдебиеті және классикалық әдебиет: интерпретациялық мәселелер.
3) Қазақстан мәдени кеңістігіндегі шетел әдебиеті.
ІІ. Лингвистика:
1) Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері.
2) Мәдениаралық катыныстар және аударма мәселелері.
3) Тіл және қазіргі қоғам.
ІІІ. Методика преподавания языка и литературы:
1) Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер.
2) Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңаша технологиялар.
3) Қазіргі филологиядағы пәнаралық зерттеулер.
4) Филологиялық білім: қазіргі күй және болашақ.
Форумға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар қатыса алады.
Форумға қатысу үшін өтініштер 2014 жылдың 20 наурызға дейін, мақалалар 2014 жылдың 25 наурызға дейін қабылданады.
Мақалаларға қойылатын талаптар:
1. Жарық көретін материалдардың мазмұны:
а) мақала атауы; б) автор(лар)дың аты-жөні. Ғылыми атақ-дәрежесі, жұмыс орны мен қызметі қоса көрсетілуі тиіс.
2. Мақала көлемі – 5 бет.
3. Материалдар қазақ тілінде: әріп түрі – Kz Times New Roman; орыс және ағылшын тілдерінде: әріп түрі – Times New Roman. Әріп көлемі – 14. Жан-жағы – 2 см. Бір интервалмен басылуы қажет.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Әдебиеттерден пайдаланылған сілтеме қиғаш жақшамен беріледі (мысалы: /1, 89-б/). Әдебиеттерден алынған дәйектеме қайталанса, алғашқы сілтеменің рет-саны көрсетіледі.
5. Мақала компьютермен теріліп, қағазға басылып және дискеті қоса ұсынылады (1 дана).
6. Мақаланың соңында міндетті түрде ағылшын тілінде түйін беріледі (5-6 сөйлем көлемінде)
7. Мақаланың басылым ақысы – 4000 теңге.
Өтініштер мен жарық көретін материалдар мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. ҚазҰУ Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (3-қабат, 323, 325-каб.).
Форумға ға қатысу үшін өтініштерді және ғылыми материалдарды мына e-mail: altynai-74@mail.ru, teorialit@list.ru жіберуге сұраймыз.
Байланыс телефондары: Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (727) 3773339 (+1328, 1330 санын қосымша теріңіз).
Конференцияға қатысуға байланысты барлық мәселелер бойынша конференцияның арнайы комиссиясының төрағасы, ф.ғ.к., доцент Асқарова Алтынай Шәуаліқызы, техникалық хатшы Саргелтаева Ардақ Құрманалықызына жолығуларыңызды сұраймыз.