«Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері және олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында шешімін табу жолдары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

6 наурыз, 2014

2014 жылдың 4-сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультеті ҚазҰУ 80-жылдық мерейтойы мен ғалым және педагог, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіровтің 60-жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері және олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында шешімін табу жолдары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.


Конференция барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясының сыртқы саяси, құқықтық және экономикалық өзекті мәселелері және шешімдері, Қазақстан Республикасының аймақтық және жаһандық интеграциялық бірлестіктердегі қызметі, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық мәселелері, мүмкін болатын қауіп-қатерлерді ескере отырып ұлттық экономиканың инновациялық дамуының мәселелері және болашағы талқыланады.

Конференцияға ҚР СІМ-нің өкілдері, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-ның, ҚР Тұңғыш Президенті жанындағы Қорының әлемдік экономика және саясат институтының, қазақстандық ЖОО-ның және зерттеу орталықтарының отандық жетекші ғалымдары, сонымен қатар, АҚШ, ГФР, Франция, Үндістан және Ресей Федерациясының шетелдік сарапшылары қатысады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысының басталуына жинақтың басылымы жоспарланған.

Байланыс жайлы мәлімет: Нурдавлетова Сания Моряковна– тел. +7272 438327, +7 701 571 3838, e-mail: saniyanm83@mail.ru, Даркенбаев Асхат Ильясович – тел. + 7 701 759 1009, e-mail: asxat_dar@mail.ru, Деловарова Лейла Федоровна – тел. +7 701 365 8808, e-mail: delovarova@mail.ru.

Басылымға қойылатын талаптар.docx