«Баспа ісі мамандарын даярлаудың ғылыми-инновациялық бағыттары мен оларды жұмыспен қамту жолдары» атты тақырыпта алқасөз және жұмыс берушілерге ашық есік күнін өткізді

6 наурыз, 2014

2014 жылы 4 наурызда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті бизнес және мансап орталығы журналистика факультетінде баспа ісі және дизайн кафедрасымен бірлесіп «Баспа ісі мамандарын даярлаудың ғылыми-инновациялық бағыттары мен оларды жұмыспен қамту жолдары» атты тақырыпта алқасөз және жұмыс берушілерге ашық есік күнін өткізді.

Аталған шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректор Дархан Ахмед-Заки, журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлы, Мансап және бизнес орталығы директоры Қайыржан Абдыхалықов, баспа ісі және дизайн кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубек және «Қазақстан», «Атамұра», «Арыс», «Қазақ энциклопедиясы», «Аламыткітап», «АН-Арыс», «Мектеп», және «Қазақ университеті» баспаларының басшылары мен өкілдері қатысты. Баспа басшылары өз мекемелеріндегі жұмысқа тұру талаптары мен тәжірибеден өту жолдарын көрсетіп, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Дархан Ахмед-Заки ҚР төрт ірі баспаларымен («Қазақстан», «Арыс», «Экономика», «Алматыкітап») келісімшартқа отырды. Дөңгелек үстелде тәжірибені ұйымдастырудың жаңа жолдары, түлектерді жұмыспен қамту және жас мамандарға жұмыс берушілер талаптары талқыланды. Жұмыс берушілер «Баспа ісі» мамандығының студенттерін оқыту бағдарламасын жақсарту мақсатындағы нақты ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, бітіруші түлектердің диплом жұмыстары мен диссертацияларының тақырыптары талқыланды.