«Ел ардақтаған асыл ана »

10 наурыз, 2014

Дөңгелек үстелге Қытай Халық Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, ағартушы-ақын, Қытай әдебиетінің зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Шәмшабану Қамзақызы аранайы шақырылды, сонымен қатар мұнда ҚХР Шыңжаң әйелдер гимназиясының доценті Мұқанқызы Шеризат,Абай атындағы Қаз ҰПУ саясаттану және философиялық-әлеуметтік пәндер кафедрасының PhD докторы Айтқазы Сажида,Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Қытай тілі орталығының меңгерушісі Жаннат Ахметханқызы келіп қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Шәмшабану Қамзақызының өмірі мен еңбек жолы туралы қысқаша баяндап өтті, жыр жинақтарынан үзінді оқып жиналған жұртшылықты тәнті етті.Ардақты ана қоғамдағы әйел орнының қаншалықты салмақты болатыны туралы ерекше тоқталып өтіп, тәуелсіздік алғаннан ке­йін қа­­зақ қоғамы әйелдер мә­се­ле­сін жа­ңа заман талабына орай жа­ңа­­ша қырынан көтере бас­тағанын мақтанышпен айтып өтті. Күні кешеге дейін нәзікжандылардың қатарына саналып келген әйел заты бүгінде қоғамдық мәселелерді шешуге, тіпті елдік, ұлттық саясатқа ерлермен қатар араласып келетінін ерекше атап өтті. Қазіргі заман әйелі отбасы мен қоғам арасына әдемі байланыс орнатып, бәрінен гармониялық үйлесім тауып келе жатқанын зор мақтанышпен атап өтті. Өмірі мен өнері, еңбек жолы болашаққа ұрпаққа өнеге болған Шәмшабану Қамзақызының әдебиет айдынында қосқан үлесі туралы шәкірттері -Айтқазы Сажида,Мұқанқызы Шеризат т. б. жан-жақты тоқталып өтті.Кездесу соңында ақын іс-шараны ұйымдастырып отырған қытайтану кафедрасының ұжымына шексіз алғысын айтып, шығыстану факультетінің серпінді жоба аясында ашқалы отырған «Шығыс мұражайы» қорына Қытайдың Мин және Цин дәуірлеріндегі құнды жібекке жазылған қытай каллиграфиясы өнерінің тамаша туындысын және өзінің бірнеше туындыларын тарту етті.Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Батпенова Зәуре Сейдуллақызы ұжым атынан ақын апамызға үлкен шығармашылық табыс тілеп, алғыс айтты.