Ең үздік 13 студенттік топ анықталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен және ректордың қолдауымен бастау алған дәстүрлі «Ең үздік студенттік топ – 2014» байқауының алғашқы додасы аяқталды.
Әр факультеттің көздерінде жалын, жүздерінде от ойнаған, жүректерінде намыс оты кернеген ең білімді, ең белсенді студенттерінен құралған үздік топтары анықталды. Жалпы университеттік турға жолдама алған топтардың реті келесідей:
- Механика- математика факультеті (ЕТжБҚЕ12-02);
- Физика-техникалық факультеті (ТЭ-229);
- Биология және биотехнология факультеті (МБТ-201к);
- Журналистика факультеті (101);
- География және табиғатты пайдалану факультеті (ГжК, 3к.қб);
- Заң факультеті (202);
- Химия және химиялық технология факультеті (ХЗ-303);
- Философия және саясаттану факультеті (дінтану мамандығы, 3к.қ/б);
- Тарих, археология және этнология факультеті (МТ-21К);
- Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті (ҚФ-2 топ);
- Экономика және бизнес жоғары мектебі (МжЖБ11к);
- Халықаралық қатынастар факультеті (ХҚ31к);
- Шығыстану факультеті (шығыстану мамандығы, 4к.).
ҚазҰУ студенттерін әлеуметтік белсенді тұлға ретінде тәрбиелеу, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат еткен «Ең үздік студенттік топ – 2014» байқауының 3 кезеңінен сүрінбей өткен топтар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Еліміздің көк туын биікке көтерер, әнұранын асқақтатар жалынды жастарымызға сәттілік тілейміз!