- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Гүлнәз Жоланова "Қазақ аруы-2014" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Гүлнәз Жоланова "Қазақ аруы-2014" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
"Қазақ аруы - 2014" байқауының жеңімпазы болып география және табиғатты пайдалану факультетінің 3 курс студенті Гүлнәз Жоланова атанды. "Қазақ аруы" байқауы биыл республикалық деңгейде төртінші рет ұйымдастырылып, елордамыз Астана қаласында алғаш рет өтті. Бұған дейін Алматыда өткізілетін.
Қазақ аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Сұлу қыздарға қойылған басты талаптар: қазақ тілін, ұлттық дәстүрді, Қазақстан тарихын, қазақ әдебиетін білулері қажет. Сондай-ақ, қазақ қыздарының шашы ұзын және бойы 170 сантиметрден аласа болмауы керек.
Байқаудың әділқазылар құрамында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, продюсер Баян Есентаева, дизайнер Аида Кәуменова, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және басқалар қыздардың өнерін әділ бағалады.
Байқаудың ерекшелігі, арулар сахнаға Қазақстан дизайнерлері Jaka Fashion" сән үйінің суретші-дизайнерлері Аида Кәуменова, Малика Усупова және Наиль Байкучуковтар тіккен киімдермен шықты. "Jaka Fashion" сән үйінің дизайнері Жанна Шопанованың Гүлнәз Жолановаға тігіп берген киімі ең жарасымды деп танылды. Конкурстың қорытындысы бойынша, Гүлнәз осы көйлектің иесі атанды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі