ҚазҰУ студенттерінің халықаралық магистратураны оқуға мүмкіндіктері бар
Лотарингия Университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бірігіп «Subterranean Reservoirs of Energies: Hydrodynamics, Geology, Modeling» француз және қазақстандық диплом алу мүмкіндігімен халықаралық магистратура оқуына студенттерді қабылдайды. Өтінішдерді қабылдаудың соңғы күні: 2014 жылдың 31 мамыры.
Қатысу үшін университеттің көрсетілген сайттарына өтініш жіберулеріңіз қажет
http://master-sre.formation.univ-lorraine.fr/index.php7icN81 немесе
http://ensg.univ-lorraine.fr/index.php7icN35
қажетті құжаттарды толығымен көрсету шарт.
Оқу бағдарламасына кіретін кезеңдер:
1 жылы: Алматы қаласында (Қазақстан) – лекциялардың 80% француз профессорлары оқиды;
2 жылы: Францияның Лотарингия университетінде 6 ай бойы оқу - және 6 ай бойы әлемнің кез келген компаниясы немесе зертханасында машықтану.
Ағылшын тіліндегі қосымша емтихандарға тапсырыс беруге жазылу үшін түйіндемеңіз бен толтырылған сауалнаманы келесі электронды мекенжайға жіберуіңіз керек candidaturesre@yahoo.fr. Сауалнама формасын келесі сайттан жүктеп алуыңызға болады http://master-sre.formation.univ-lorraine.fr.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыздар: +7 (727) 377 35 22. Емтиханға жазылудың соңғы күні 24 наурыз 2014 ж.!
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Келесі көрсетілген мамандықтар бойынша бакалавр дипломы: мұнай және газ кеніштерін өңдеу және пайдалану, геофизика, геология, математикалық модельдеу, қолданбалы математика, сұйықтықтың механикасы мен физикасы, есептеу тәсілдері, информатика.
- Ағылшын тілін жетік білу
SRE магистратурасы мен түсу жайындағы барлық сұрақтарды мына мекнжайға жіберуіңізге болады Mikhail Panfilov, head of Master: mikhail.panfilov@univ-lorraine.fr (орыс тілінде жіберуге рұқсат)
Master SRE Almaty_Admission 2014_kz.pdf