ҚазҰУ-да Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасы аясында конференция өтуде

25 наурыз, 2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «SILKROUTESILKRoad Universities Towards Europe» Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өтіп жатыр.

Бұл консорциум Еуропа мен Орта-азиялық аумақтағы жоғары оқу орындарын біріктіреді. Жобаны үйлестіруші - Падова университеті (Италия). Конференцияның ҚазҰУ-да өтуі тегін емес – қазақстандық жоғары оқу орны қосымша үйлестірушісі бола отырып, еуропалық, ортаазиялық және отандық серіктес университеттер арасында дәнекер ретінде маңызды рөл атқарады.

Конференцияның жұмысы серіктес жоғары оқу орындары арасында барлық деңгейде білім алушы студенттер - бакалавр, магистр, докторанттар және зерттеуші ғалымдар, оқытушы және әкімшілік кадрлардың академиялық мобильділігін қолдау арқылы жүйелі ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға бағытталады.

Сонымен бірге кездесу барысында аталған бағдарлама аясында халықаралық мобильділікке қатысуға үміткерлерді іріктеу бойынша комиссияның жұмыс кездесуі өткізіледі деп жоспарлануда.