"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-27наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының «SILKROUTE - SILKRoadUniversitiesTowardsEurope»консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Аймақтық конференцияның жұмысы серіктес жоғары оқу орындары арасында барлық деңгейде білім алушы студенттер (бакалавр, магистр), докторанттар, зерттеуші ғалымдар, оқытушы және әкімшілік кадрлардың академиялық мобильділігін қолдау арқылы жүйелі ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға бағытталады», - делінген хабарламада.
Бұл консорциум Италия, Австрия, Испания, Румыния, Хорватия мемлекеттерінен тұратын еуропалық серіктес-университеттерін және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен тұратын Ортаазиялық серіктес жоғары оқу орындарын біріктіреді.
Жобаны үйлестіруші - Падова университеті (Италия). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жобаның Орталық Азиядағы қосымша үйлестірушісі болып табылады.
Сонымен бірге кездесу барысында аталған бағдарлама аясында халықаралық мобильділікке қатысуға үміткерлерді іріктеу бойынша комиссияның жұмыс кездесуі өткізіледі деп жоспарлануда.