«Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

28 наурыз, 2014

2014 жылдың 30 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы университеттің 80 жылдығы шеңберінде «Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.


Конференцияда білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану жұмысы,

қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық педагогикалық қызметі, мемлекеттік тілді өзгетілді дәрісханада оқыту тиімділігін арттыру жолдары мен тәсілдері

секциялары бойынша жұмыс жүргізіледі.

Конференция жұмысына ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық педагогикалық бағыттар туралы мәселемен айналысып жүрген ғалымдар мен оқытушыларды қатыса алады. Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

қазақ тілінде мақала өткізу талаптары.doc