Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстел өткізді

31 наурыз, 2014

27 -ші наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Шет тілін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер». Баяндама оқыған қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Анипина Алия. Дөңгелек үстелге жас ғалымдар кеңесінің мұшелеімен қатар кафедра ұстаздары да атсалыса қатысты. Баяндама барысында Анипина А.К. Қазақстанда және Ресейде қытай тілін үйрету кезінде қолданылып жүрген инновациялық әдістер жайлы түсінік берілді. Ол әдістер арасында мультимедиялық оқу презентациясы, Шехтер әдісі, Кластер әдісі, Екі жеке күнделік әдістеріне жеке жеке тоқталып, мысалдар келтірілді. Қазіргі дамыған қоғамда бұрыңғы ескі әдістермен сабақ өту артта қалды, сондықтан қытай тілін оқытуда студент иероглиф жаттағанда есіне тез сақтау үшін осы әдістермен сабақ өтілсе өте тиімді болатындығы сөз болды.