1 - желтоқсан СПИД-пен күресудің бүкіләлемдік күні

31 наурыз, 2014

Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға-кураторы Кожанова А.М., доцент Сапакова С.З., оқытушы Мырзахмедова Г.А. 2013 жылы 3 желтоқсан күні механика-математика факультетінде СПИД-пен күресудің бүкіләлемдік күніне орай облыстық СПИД орталығындағы әдістемелік бөлім меңгерушісі, дәрігер-эпидемиолог Кожалимова Самал Кеншиликовнамен кездесу өтті. Кездесу мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, аурудан қорғану жолдарын ескерту.

Алысқа бармай-ақ өз елімізде де осы бір ауыр індет кең етек алуда. Қазіргі уақытта СПИД-тен қорғану жайында қаншама ақпарат таратылып, оның алдын алу шаралары ұйымдастырылып жатқанмен де ауруларсанының азайғантүгілі, көбейіпкеледі дегенстатистикабар. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, СПИД-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай: жыныстық қатынас; вирустың бірден қанға түсуі; анасынан нәрестеге жұғу арқылы.

Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады: салауатты, әдепті өмір сүру; кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау; әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу; презервативті дұрыс пайдалану; қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың ВИЧ-ке тексерілгеніне көз жеткізу; маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару; СПИД вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

Кез-келген азамат ВИЧ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда, Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған лабораторияларға барып тегін тексерілуіне болады.

Қазақстанда ВИЧ/СПИД инфекциясына шалдыққандардың 74,8 пайызы – жұмыссыздар. Ал бұл ауруға шалдыққандардың 50 пайыздан астамын 20-29 жастағы жастар құрап отыр.

Өз өмірін қатерге тіккен нашақорларды айтпағанда бұл ауруға жас сәбилер деұшырапжатыр.Бұл көрсеткіш бойынша қазіргі таңда 1-ші орында Алматы қаласы болып тұр. Инфекцияның өсім қарқыны мен таралу деңгейі алаңдатады. Қазақстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар саны жыл санап артуда. - дейді С. Кожалимова.

Кездесуде пайдалы ақпарат беріліп, видео-роликтер, презентация көрсетілумен қатар үн қағаздар таратылды. Студенттер ойларында жүрген сұрақтарына С. Кожалимова жауап берді. Кездесуді ұйымдастырған Ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенттері Абдрахман Қ. Алатаев А. оқытушы – профессор құрамы, аға - куратор Кожанова А.М., доцент Сапакова С.З. оқытушы Мырзахмедова Г.А. «Еліміздіңэкономикасыдамып,мәдениеттілігімендіникөзқарастары
қалыптасып, рухани байып жатқан кезде осындай келеңсіз
індеттерге ұшырауымыз неден? Сұрақтар көп, күресіп келеміз, алайда нәтиже қуантарлық емес. Ол үшін қанша жылдар қажет? Бірақуақытөткізіп алмасақболғаны…» деген пікірде.