Дүниежүзілік темекіге қарсы күніне орай акция
Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушылары аға-оқытушы Кожанова А.М., Жомартов М.А., Мирзахмедова Г.А. және Ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс студенттері АЖ-13-4а тобының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 22 қараша айында механика-математика факультетінің фойесінде дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне орай акция өткізілді.
«Темекі шегу - денсаулығыңызға қауіпті!» деген ұранмен жастар темекіге әуес өз қатарластарын одан бас тартуға шақырды. Акцияға салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында лоторея ойыны түрінде өтті. Лотореяға қатысу үшін жастар өз шылымын арнайы қойылған жәшікке тастаған темекінің орнына лоторея билетін алу арқылы қатыса алды. Акция аясында Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушылары Жомартов М.А., Мирзахмедова Г.А., Сарбасова А.К. 3 курстарта «Темекі шегуге қарсылық - cен бұл туралы не ойлайсын?» атты ашық сабақ түріндеде өтіп, «Темекі құрамы және адам ағзасына әсері» атты презентация, шылым шегу және оның зияны тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, көрініс, психологиялық ойын, ситуациялық сұрақтар ұйымдастырды. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд адам темекі шегетін көрінеді. Ал Қазақстан бойынша шылымға әуестердің саны 5 миллионға жуықтаған. Акцияға атсалысқан жастардың көпшілігі темекінің зиянынан хабардар екендерін айтады. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді.