Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

31 наурыз, 2014

2013 жылы сәуір айының 13-ші жұлдызы күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз ҚазҰУ-де ұлан асыр тойланды. Әр факультет өз атында қазақ үйлерін тігіп, дәстүрлі асқа айналған Наурыз көжелерін дайындады. Механика – математика факультеті өз мерекелік концертін қойып, қонақтарына Наурыз көжеден дәм таттырды. Осы мерекелі күні Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға-кураторы Кожанова А.М., оқу, тәрбие-жөніндегі меңгерушінің орынбасары Абенов Б.К. және Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Механика-математика факультетінің киіз алдында салтанатты кеш өтті.

Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Ұлыстың ұлы күні болған Наурыз ҚазҰУ-де де ұлан асыр тойланды. Әр факультет өз атында қазақ үйлерін тігіп, дәстүрлі асқа айналған Наурыз көжелерін дайындады. Механика – математика факультеті өз мерекелік концертін қойып, қонақтарына Наурыз көжеден дәм таттырды. Шетелден келген қонақтар мен ҚазҰУ ұжымы, Наурыз тойына келген басқа да қонақтар біздің көрермендеріміз болды. АЖ мамандығының 2 курс студенттері Курманали Мейрамгүл, Серікбаев Ерсұлтан. Сахнада механика-математика факультетінің 2 курс студенті Алимтаев Саят әсем ән шырқап, мың бұралып билейтін биші қыздарымыз, факультетіміздің 1-курс студенттері Үміт пен Ақерке «Jado-Қамажай» биін биледі. Университетіміздің қонағы, Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі, Айтыскер ақын, композитор, Ернар Төлеген әнмен өз шашуын шашты. Факультетіміздің 2 курс студенті, 10-Халықаралық «Фольклор безграниц» фестивалінің лауреаты Байдиева Асел қазақтың қара домбырасын қолына алып, күймен күмбірлетті. Механика-математика факультетінің 2 курс студенті Ембергенова Айбарша әнімен кешіміздің сәнін кіргізсе, Смаилова Аида мен Смағұлова Аянаның орындауындағы әндермен өз жалғасын тапты. Кеш “Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, саналы да салауатты ұрпақ, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз” деген ізгі тілектермен өз мәресіне жетті.