ҚазҰУ студенттері республикалық конференцияда үздік деп танылды
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану және жапонтану кафедрасының 1, 2, 3-ші курс студенттері «Студенттік ізденістердің салаларын талдау және оның мәселелері» атты Республикалық жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Олардың ғылыми жоба жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Н.Б. Ем. Біздің студенттеріміз «Ғылымның қазіргі таңдағы әлеуметтік-гуманитарлық тауқыметтері және оларды шешу жолдары» атты секциясында баяндамалар жасады. Кейбір студенттердің баяндама немесе жобамен конференцияға шығу тәжірибелері болса, басқалар алғаш рет шығып, өз жұмыстарын таныстырып шықты. Дегенмен барлығы өз жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғап, әрбір қатысушының сөз сөйлеуі комиссиясының көңілдерінен шықты. Конференция нәтижесі бойынша 1-ші дәрежелі дипломмен біздің 3-ші курс студентіміз Жылқыбай Айза марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттарға ие болды. Біз студенттерімізге осындай іс-шараларға көбірек қатысуды тілейміз және де ең мықты жетістіктер әлі алда деп сенімдіміз!
Шығыстану факультеті